Қазақстанның Ресейдегі Сауда өкілі өмірден өтті

9 Маусым 2022, 22:32
1368
Бөлісу:
Қазақстанның Ресейдегі Сауда өкілі өмірден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілі Нұрлан Оралбекұлы Борамбаев 52 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушысы Оналтай Куандык өзінің парақшасында жазды.

Марқұмның артында қалған жары Айжанға, балалары Думан, Аңсар, Әнелге және барлық туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамын, - деп жазды ол.

Нұрлан Оралбекұлы Ақмола өңірінің тумасы. Мемлекеттік қаржы бақылау органдарында, министрліктер мен ведомстволарда, коммерциялық ұйымдарда қызмет етті.

2006 жалдан бастап ҚР Президенті Іс Басқармасы жүйесінде басшылық лауазымда болды.

Өзгелердің жаңалығы