Қазақстанның Қытайдағы елшілігінде АӨСШК мерейтойлық медальдары табысталды

14 Ақпан 2023, 15:35
920
Бөлісу:
Қазақстанның Қытайдағы елшілігінде АӨСШК мерейтойлық медальдары табысталды
PHOTO
Фото: Қазақстанның Қытайдағы елшілігі

Қазақстанның Қытайдағы елшілігінде «Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің 30 жылдығы» естелік медалін тапсыру рәсімі салтанатты түрде өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Онлайн халық газетіне сілтеме жасап.

Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев АӨСШК-ге төрағалық еткен ел атынан АӨСШК процесін нығайтуға және дамытуға елеулі үлес қосқан Қытайдың мемлекеттік органдары, ведомстволары және қоғамның барлық тобы өкілдеріне естелік медальдар табыс етті.

Қазақстанның Қытайдағы елшілігінде АӨСШК мерейтойлық медальдары табысталды

Елші Шахрат Нұрышев өз сөзінде Қазақстан тәуелсіздігімен ілесе қалыптасқан АӨСШК соңғы үш онжылдықта Азия құрлығындағы көпжақты дипломатия үшін тиімді және беделді платформаға айналғанын атап өтті. Ол АӨСШК-нің қазіргі уақытта біртіндеп жетілген халықаралық ұйымға айналуы үшін барлық қажетті әлеуетке ие екенін айтып, Қазақстанның бастамасын толық қолдағаны үшін Қытай тарабына алғысын білдірді.

Елші Қытайдың АӨСШК-нің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады. Ол Қытай АӨСШК бастамасын құруды қолдаған алғашқы елдердің бірі болғанын және ұйымның іс-шараларына 30 жыл бойы белсенді қатысқанын атап өтті, - делінген хабарламада.

Қазақстанның Қытайдағы елшілігінде АӨСШК мерейтойлық медальдары табысталды

Ресми өкіл Қытай 2014 жылдан 2018 жылға дейін АӨСШК төрағасы қызметін сәтті атқарғанын мәлімдеді. Осы кезеңде Қытайдың бастамасымен Аналитикалық орталықтар форумы мен үкіметтік емес ұйымдар форумы құрылды.

Қытай үкіметінің Еуразия істері жөніндегі арнайы өкілі Ли Хуй де марапаттау рәсімінде сөз сөйледі. Ол АӨСШК-нің аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, саяси диалог пен сенімді нығайту шараларын одан әрі жетілдіру жолындағы қызметін жоғары бағалады. Сонымен қатар Қытайдың АӨСШК-нің алдағы жоспарлы істерін қолдауға дайын екенін білдірді.

Қазақстанның Қытайдағы елшілігінде АӨСШК мерейтойлық медальдары табысталды

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастықты нығайту жөніндегі халықаралық форум. Қазіргі уақытта АӨСШК-нің құрамына 28 мүше мемлекет, 9 бақылаушы мемлекет және 5 бақылаушы ұйым кіреді.

Өзгелердің жаңалығы