Қазақстанның нысана көздеушілері Катарда жаттығу жиынын бастады

25 Сәуір 2024, 22:50
268
Бөлісу:
Қазақстанның нысана көздеушілері Катарда жаттығу жиынын бастады
Фото: olympic.kz

Нысана көздеуден Қазақстан командасы Катардың Доха қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Оқу-жаттығу жиынына 49 спортшы қатысып жатыр. Жиынның басты мақсаты – Әзербайжан астанасы Бакуде өтетін рейтингілік әлем кубогі кезеңіне дайындалу болып отыр.

Сондай-ақ жиын барысында команда бапкерлері Рио-де-Жанейрода өткен әлем кубогі кезеңін қорытындылады.

Айта кетелік, аталған сында ең жоғарғы нәтижені Елизавета Безрукова, Консатинтин Малиновский, Валерий Рахымжан көрсетті. Олар 5-орыннан көрінген. Ал Дохадағы жаттығу жиыны 30 сәуірге дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы