Қазақстанның еңбек өкілдері Елбасының қамқорлығын әрдайым сезініп келді – Сатыбалды Дәулеталин

20 Наурыз 2019, 12:14
2900
Бөлісу:
Қазақстанның еңбек өкілдері Елбасының қамқорлығын әрдайым сезініп келді – Сатыбалды Дәулеталин
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Кешегі тарихи жағдайды бағаламауға болмайды. Бұл елімізде тұрақтылық пен гүлдену жолында жасалған батыл шешім болды. Елбасының бұл шешімінде асқақ рух, тайсалмас қайсарлық жатыр. Бұл туралы ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Сатыбалды Дәулеталин Алматыда өтіп жатқан конференция барысында айтты. 

Жиын барысында ол Елбасының кешегі мәлімдемесіне тоқталып, Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның құрылуына қосқан үлесін атап өтті.

«Кеше еліміз үшін оңай күн болмады. Біздің Тұңғыш президентіміз, Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің өкілеттілігін тоқтататынын мәлімдеді. Бұл тарихи жағдайды бағаламауға болмайды. Бұл елімізде тұрақтылық пен гүлдену жолында жасалған батыл шешім болды. Елбасының бұл шешімінде асқақ рух, тайсалмас қайсарлық жатыр. Ұлы даланы құдіретті де, қасиетті тарихындағы бабалар жолымен тәжірибесіне сүйенген, азаттық сүйгіш көзқарасы елім деп елжіреген Елбасымыздың қазіргі ғаламдағы көреген саясаткер ретінде еліміз үшін атқарған еңбегі зор. Бейбітшілік пен келісім, саяси тұрақтылық пен дамуға мүмкіндік беретін елді құрғаны үшін біз барлығымыз еліміздің Тұңғыш президентіне ризамыз», - деді ол.

Сонымен қатар, ол Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі Тәуелсіз Қазақстанның жылнамасына алтын әріппен жазылатынына сенімді екенін айтты.

«Қазақстанның еңбек өкілдері оның қамқорлығы мен құрметін әрдайым сезініп келді. Ол әрдайым кәсіпорындарды қолдап, әлеуметтік қоғамдағы оның орнын жоғары бағалап келді. Бүгін 2 миллионға жуық кәсіподақ мүшелерінің атынан ризашылығымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Барлығы үшін рақмет саған Елбасы! Сіз біз үшін Ұлт көшбасшысы болдыңыз және солай болып қала бересіз», - деді Сатыбалды Дәулеталин.

Әділет Мұсахаев
Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы