Қазақстанның еңбек нарығы біртіндеп өзгеріп келеді. Сұранысқа ие дағдылардың маңызы артып, жұмыс берушілер мен кадр даярлау жүйесінің өзара байланысы күшейіп жатыр. Ал цифрлық құралдар лайықты жұмысты тезірек табуға мүмкіндік береді. Бұл үдерістердің ортасында мамандық таңдаудан бастап, біліктілік алуға, жұмысқа орналасуға және лайықты еңбек жағдайын қамтамасыз етуге дейінгі барлық кезеңде адам тұр.
Адам үшін жұмыс – тек табыс көзі ғана емес, сонымен қатар кәсіби дағдыларын жүзеге асыруға, дамуға және болашаққа жоспар құруға мүмкіндік. Сондықтан еңбек нарығының жағдайын жан-жақты бағалау маңызды: экономикаға қандай мамандар қажет, кадр даярлау жүйесі осы қажеттілікке қаншалықты жауап береді, адам жұмысты қалай табады және кейін қандай жағдайда еңбек етеді.
2026 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанда 9,4 млн адам жұмыспен қамтылды, жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ды құрады. Бұл көрсеткіштер еңбек нарығындағы жалпы жағдайды көрсетеді. Сонымен бірге жұмыспен қамтудың өзіне тән сипаттары да маңызды. Оларға жұмыстың тұрақтылығы, еңбекақы деңгейі, еңбек құқықтарының сақталуы және қауіпсіздік жатады.
Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – сапалы жұмыс орындарының санын арттыру. Еңбек нарығын дамытудың тұжырымдамасына сәйкес, 2029 жылға қарай олардың санын 3,8 млн-ға жеткізу жоспарланып отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша мұндай жұмыс орындарының саны шамамен 2,9 млн болды.
Сапалы жұмыс орындарына жылына кемінде алты ай жұмыспен қамтуды, өңірдегі медианалық жалақыдан төмен емес еңбекақыны, қауіпсіз еңбек жағдайын және әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін жұмыс орындары жатады. Яғни мәселе тек жаңа жұмыс орындарын құруда емес, олардың сапасы мен тұрақтылығын арттыруда да болып отыр.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бағалауынша, 2035 жылға дейін экономикаға шамамен 2,9 млн маман қажет болады. Мұндай болжам салалар мен өңірлердің мамандарға деген перспективалық қажеттілігін алдын ала анықтауға және оны кадр даярлау жүйесін қа