Қазақстанның ең ерекше кітапханаларының ТОП-5

13 Наурыз 2023, 14:13
1990
Бөлісу:
Қазақстанның ең ерекше кітапханаларының ТОП-5
PHOTO
Фото: ашық дереккөз

Елімізде ТОП-5-тікке кіретін ерекше кітапханалардың рейтингін Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапхана бастап тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінің ресми telegram-каналында жарияланды.

1.​ ЕҢ АЛҒАШҚЫ КІТАПХАНА Еліміздегі көпшілікке арналған тұңғыш кітапхана 152 жыл бұрын (1871 жылы) Орал қаласында ашылды. Кітапхана ғимараты қаланың ең көрнекті тарихи-мәдени және сәулет ескерткіші ретінде танымал. Бүгінде Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапхана өңірдегі 360 кітапхананың әдістемелік орталығы саналады. 

Қазақстанның ең ерекше кітапханаларының ТОП-5

2.​ ЕҢ КӨП ҚОЛЖАЗБА МЕН СИРЕК ҚОРЛАР САҚТАЛҒАН КІТАПХАНА Еліміздегі сирек қорлар мен қолжазбаларға бай кітапхана - Абай атындағы Абай облыстық әмбебап кітапханасы. Кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатарында қазақтың кемеңгер ақыны Абай Құнанбайұлы да болған. Мұнда 4 мыңнан астам өте сирек кездесетін кітап сақталған. Хронологиялық тұрғыдан әдебиеттер тізімі XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырды қамтиды. 

Қазақстанның ең ерекше кітапханаларының ТОП-5

3.​ ЕҢ КӨП КІТАП ҚОРЫ БАР КІТАПХАНА Еліміздегі кітап қоры ең көп кітапхана – Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы. Мұнда 7 млн-нан астам кітап бар. 1910 жылы іргетасы қаланған кітапхана 1931 жылы Үкімет қаулысына сәйкес Қазақ ССР-нің Мемлекеттік көпшілік кітапханасы болып қайта құрылған. Бүгінде Ұлттық кітапхана республика кітапханаларының ғылыми-әдістемелік орталығы ретінде танымал. 

Қазақстанның ең ерекше кітапханаларының ТОП-5

4.​ ЕҢ ЗАМАНАУИ КІТАПХАНА Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасы модернизациядан кейін «Ең заманауи кітапхана» атағына әбден лайық. Кітапхана жанынан коворкинг-орталық ашылғалы бұл жер жастардың бас қосатын әдеби және мәдени демалыс орнына айналған. Кітапхана OpenSpace форматында қызмет көрсетеді. Оқырмандарға қолайлы жағдай жасау үшін мұнда Silent zone (тыныш аймақ), Single zone (жеке аймақ), Public spase (топтық аймақ), Atrium (атриум) қарастырылған. 

Қазақстанның ең ерекше кітапханаларының ТОП-5

5.​ ЕҢ ЦИФРЛЫ КІТАПХАНА Астанадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы цифрлы және электронды контент бойынша еліміздегі ең үздік кітапхана саналады. 2004 жылы ашылған кітапхана «Қазақстандық электрондық мемлекеттік кітапхана қоры» (kazneb.kz) жобасын жүзеге асырып отыр. Аталған порталға еліміздің мәдени-әдеби, тарихи құндылықтарына қатысты 70 мыңнан аса электронды контент енгізілген.

Қазақстанның ең ерекше кітапханаларының ТОП-5
Өзгелердің жаңалығы