Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды

31 Шілде 2022, 11:45
2083
Бөлісу:
Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 шілдеде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысыңда - қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жауып, дауыл соғады. 

Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді. 31 шілде Қарағанды облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында күн күркірейді. Солтүстік, солтүстік-шығыс желінің екпіні найзағай кезінде 18-23 м/с дейін күшейеді. 

31 шілде күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде найзағай жарқылдайды. Жел солтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында күші - 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

31 шілде түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, батысында тұман түседі. 

31 шілде түнде Абай облысының батысында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жел қарқыны - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

31 шілде түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні облыстың солтүстігінде, шығысында - 15-20 м/с. 

31 шілдеде Жетісу облысының таулы және тау етегіндегі аудандарда күн күркірейді. 

Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с. Нұр-Сұлтан қаласында 31 шілдеде кей уақытта найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең тұман түседі. 

31 шілдеде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында - 15-20 м/с. 

31 шілдеде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. 

31 шілде мен 2 тамыз аралығында облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарда найзағай ойнап, бұршақ жауады. Үш күн бойы солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда жел қарқыны 15-20 м/с жетеді. 

Күндіз 31 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз найзағай кезінде 15-20 м/с дейін күшейеді. 

31 шілдеде Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы