+43: "Қазгидромет" дабылды ескерту жариялады

16 Шілде 2020, 17:55
2123
Бөлісу:
+43: "Қазгидромет" дабылды ескерту жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 2020 жылдың 16 шілдесінде ауа райының қатты ысуына байланысты дауылды ескерту жасады.

Түнде 17 шілдеде Атырау облысында кей жерде найзағай күтіледі, солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с. Күндіз 17 шілдеде қатты ыстық 34-39 градус, оңтүстікте 42 градус және өте жоғары өрт қауіпі сақталады, - делінген хабарламада.

Атырау қаласында күндіз 17 шілдеде өте қатты ыстық 40-42 градус сақталады.

17 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының кей жерінде найзағай болады, желдің бағыты оңтүстік- шығыстан солтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с.

17 шілдеде Маңғыстау облысында кей жерде шаңды дауыл күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38-41 градус қатты ыстық сақталады.

17-18 шілдеде күндіз Түркістан облысының басым бөлігінде 40-43 градус қатты ыстық күтіледі.

Шымкент қаласында 17-18 шілдеде күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі.

Түркістан қаласында 17-18 шілдеде күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі.

Күндіз 17-19 шілдеде Қостанай облысында 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.

Қостанай қаласында күндіз 17-19 шілдеде 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Күндіз 17 шілдеде Ақмола облысының кей жерінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында күндіз 17 шілдеде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

17 шілдеде Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі және өте жоғары өрт қаупі сақталады.

17 шілдеде Қарағанды облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, кей жерде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Күндіз оңтүстігінде қатты ыстық 38 градус күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды қаласында жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жезқазған қаласында күндіз 17 шілдеде қатты ыстық 36-38 градус күтіледі.

17-20 шілдеде күндіз Жамбыл облысында кей жерде 40°С-ка дейін қатты ыстық күтіледі.

Тараз қаласында 17-20 шілдеде күндіз 38°С қатты ыстық күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 70-100%, - деп қосты синоптиктер.

Өзгелердің жаңалығы