Қазақстанның ауыр атлеті жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды

26 Мамыр 2024, 15:07
303
Бөлісу:
Қазақстанның ауыр атлеті жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды
Фото: olympic.kz

2024 жылы 26 мамырда Қазақстан командасының өкілі Нұрдос Сабыр ауыр атлетикадан Лимада (Перу) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, Нұрдос 89 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 333 (148+185) келіні еңсерген.

Күміс медальді Валерик Мовсесян (Армения), қоланы Бекзод Гофиржанов иеленген.

Айта кетелік, былтырғы әлем біріншілігінде Нұрдос Сабыр екінші орынға тұрақтаған еді.

Бұған дейін Перудегі әлем чемпионатында Ақжол Құрманбек 67 келіге дейінгі салмақта күміс медаль алған.

Өзгелердің жаңалығы