Қазақстанның алты облысында пойыз билеттері арзандады

21 Қараша 2023, 07:10
14602
Бөлісу:
Қазақстанның алты облысында пойыз билеттері арзандады
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның алты облысында пойыз билетінің бағасы арзандады, деп хабарлайды BAQ.KZ Energyprom.kz сайтының мәліметіне сүйеніп.

2023 жылдың қазан айында Қазақстанның алты облысында пойыз билеттерінің бағасы 2022 жылдың қазан айымен салыстырғанда арзандаған. Пойызбен Жетісу өңірінің тұрғындары ең қолжетімді бағада саяхат жасаған (-10,4%). Билеттер арзандаған аймақтар тізімінде мыналар да бар:

Шығыс Қазақстан облысы (-6,7%);

Атырау облысы (-5,7%);

Шымкент (-5,1%);

Алматы облысы (-2,4%);

Қызылорда облысы (-1%).

Тұтастай алғанда ел бойынша теміржол жолаушылар көлігі қызметтерінің бағасы бір жылда 7,9%-ға өсті. Бірнеше өңірде пойыз билеттері қымбаттады, соның ішінде Маңғыстау облысында (+35,5%), Алматыда (+22%) және Солтүстік Қазақстан облысында (+20,2%).

2023 жылдың қаңтар-қазан аралығында Қазақстан бойынша теміржол көлігімен 16,6 миллион жолаушы тасымалданған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2 пайызға артық. Астана тұрғындары көбінесе пойызбен жүреді (4,6 млн адам, жылына +17,3%).

Өзгелердің жаңалығы