Қазақстанның 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

14 Сәуір 2025, 20:29
825
Бөлісу:
Қазақстанның 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: - архив

"Қазгидромет" мәліметінше, 15 сәуір күні еліміздің көптеген аймақтарында ауа райы күрт бұзылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жел екпіні күшейіп, жаңбыр мен қар аралас жауын, найзағай, тұман және -3 градусқа дейінгі үсік күтіледі.

Жетісу облысындағы Алакөл көлдері маңында желдің жылдамдығы 30 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Ауа райының нашарлауы Алматы, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай және басқа да облыстарда байқалады.

Кейбір өңірлерде шаңды дауыл, қатты жауын-шашын және күрт салқындау болуы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы