14 наурызда Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ТЖМ мәліметінше, 14 наурызда Қазақстанның 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.
-
Қостанай, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Жетісу облыстары: Кей жерлерде тұман күтіледі. Жетісу облысындағы Алакөл көлдері маңында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
-
Қарағанды және Ұлытау облыстары: Тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда.
-
Ақмола облысы: Түнде және таңертең қар жауып, жаяу боран соғады, көктайғақ болады. Күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
-
Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары: Жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу боран және көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
-
Қызылорда облысы: Күндіз облыстың орталығы мен оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады.
-
Алматы облысы: Облыстың оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түсіп, желдің екпіні 18 м/с дейін күшеюі мүмкін. Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда күн жылынатыны хабарланды.
Бірнеше күннен бері Қазақстанның бірнеше өңірінде -30 °С аяз бен боран болды.
Алдағы күндері Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатыны болжанды.