Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстаннан депортацияланған IT-маманы Ресейде мемлекетке опасыздық айыбымен ұсталды

Бүгiн, 03:32
163
Бөлісу:
 pexels.com
Фото: pexels.com

25 жастағы DevOps-инженер әрі әзірлеуші Александр Качкуркин Қазақстаннан Ресейге депортацияланғаннан кейін мемлекеттік опасыздық бойынша қылмыстық іс аясында ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ The Bell-ге сілтеме жасап.

Депортацияның ресми негізі ретінде жолдан заңсыз өту және жабық жерде кальян шегу бойынша екі әкімшілік хаттама көрсетілген. Құқық қорғаушылар "Первый отдел" бұл хаттамалардың жасанды екенін мәлімдеді. Хаттамалар дайындалғаннан кейін полиция сотқа Качкуркинді «Қазақстан Республикасының заңдары мен егемендігіне құрметсіздік танытқаны үшін" деп депортациялау туралы өтініш берді.

Процесс бірнеше сағат ішінде аяқталып, Качкуркинді шұғыл түрде Ресейге жіберген. Ресейге жеткен соң оны ұшақта ұстап, сотқа жеткізді. Сот оған қамауға алу түрінде шара тағайындады.

Александр Качкуркин Қырымда туып-өскен, Украина азаматтығына ие, 2014 жылы Қырым аннексиясынан кейін Ресей паспортын алған. Қазақстанға саяси себептермен қоныс аударған. Ұсталғанға дейін бірнеше IT-жобада, соның ішінде OpenAI-пен жұмыс істеген.

Тергеу мәліметі бойынша, Качкуркинге Украинаға ақша аударғаны үшін мемлекеттік опасыздық айып тағылған. Айыптың санкциясы – 12–20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмірлік қамау.

Өзгелердің жаңалығы