Қазақстаннан Албанияға визасыз бару режимі енгізілгелі жатыр

7 Тамыз 2022, 07:31
1020
Бөлісу:
Қазақстаннан Албанияға визасыз бару режимі енгізілгелі жатыр

Қазақстан Үкіметі қаулысының жобасына сүйенсек, Албаниямен арада визасыз режим енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Екі ел үкіметтерінің келісімі бойынша, жарамды жол жүру құжаты бар азамат екінші елде бір жылда 90 күн жүре алады. Бір рет немесе бөліп-бөліп бірнеше рет бара алады.

Құжатта «Қазақстан азаматының бару кезеңі шенген визасы ережесімен есептеледі» деп жазылған.

Өзгелердің жаңалығы