Қазақстанға түрлі елден 3 мыңға жуық қажы келеді – СІМ

5 Қыркүйек 2022, 15:51
1055
Бөлісу:
Қазақстанға түрлі елден 3 мыңға жуық қажы келеді – СІМ

Бұл туралы СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров журналистерге арналған брифингте айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

14-15 қыркүйекте Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өтеді. Осы съездің тақырыбы діндер көшбасшыларының пандемия мен одан кейінгі кезеңде адамзаттың әлеуметтік және рухани дамуына рөліне арналған. Әсіресе, діни негіздегі экстремизм, радикализм және лаңкестікке қарсы іс-қимылдағы рөлі және әйелдердің қоғамның ламуына қосқан үлесі туралы 4 сессиялық отырысты қамтиды, - деді Смадияров.

Ол атағандай, биыл съезге қатысушыларға ыңғайлы болуы үшін Тәуелсіздік сарайында өтеді.

Сарайдың орналасуы шетелдік және отандық бұқаралық ақпарат құралдарына ыңғайлы болып отыр. Биылғы съезге 60 шетелдік БАҚ-тың 230-дан астам өкілі тіркелді. Шетелдік журналистерді тіркеу аяқталғанын хабарлаймыз. Қазақстанға түрлі елден 3 мыңға жуық қажы келеді, - деді ол.

Смадияров Қазақстанға Рим папасының да келетінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы