Қазақстанға синтетикалық қырыққабат әкелінеді деген жалған ақпарат шықты

11 Ақпан 2022, 10:18
1932
Бөлісу:
Қазақстанға синтетикалық қырыққабат әкелінеді деген жалған ақпарат шықты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде синтетикалық қырыққабат жасау барысы көрсетілген видео тарады.

 Видео астында мұндай өнімдер қазақстандық нарыққа да жеткізілуі мүмкін деп жазылған. Бұл ақпарат жалған деп хабарлайды stopfake.kz сайты.

Бұл видео Желіде 2016 жылы шыққан. Ол көптеген елдерде кеңінен тарады және видео астында «Қытайда қырыққабат жасау» деп жазылып келді.

Балауыз салатты қолдан жасау процесінің видеосын YouTube-тен көруге болады. Ол Жапонияда Гудз қаласында түсірілген – бұл ультра шынайы тамақ үлгілерін жасау технологиясы пайда болған жер. Мұндай балауыздан жасалған өнімдер жапон мейрамханаларында витриналарды безендіру үшін қолданылады.

Қазақстанға синтетикалық қырыққабат әкелінеді деген жалған ақпарат шықты

Желіде балауыздан жасалған азық-түлік муляждарын жасау барысы көрсететін басқа да роликтер бар. 

Kotaku жапон порталы 2014 жылы мейрамханалар мен дүкендердің терезелерін безендіруге арналған балауыздан және басқа материалдардан жасалған фейк тағам туралы мақала жариялады. Сондай-ақ, авторлар мұндай өнімдер, оларды жасау процесінің фотосуреттері мен видеолары жалған ақпарат тарату үшін жиі қолданылатынын атап өтті.

Бүгінде Қазнетте таратылып жатқан видео бұған дейін Желінің ағылшын тілді сегментінде вирустық сипатқа ие болған. Пайдаланушылар мұндай синтетикалық қырыққабат АҚШ дүкендері мен мейрамханаларына жеткізіледі деп жазған болатын. Snopes порталы бұл мәлімдемені жоққа шығарды. 

2018 жылы Францияда осы сияқты қолдан ет жасау барысы көрсетілген видео тарады. Шындығында, роликте резеңке жасау процесі көрсетілгені туралы The Observers порталы хабарлады. 

Өзгелердің жаңалығы