Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанға Қытай төрағасы Си Цзиньпин келеді

11 Маусым 2025, 09:03
317
Бөлісу:
 Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

16-17 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері талқыланады, - делінген Ақорданың хабарламасында.

17 маусымда Астанада аймақтағы мемлекеттер басшыларының қатысуымен екінші "Орталық Азия – Қытай" саммиті өтеді.

Өзгелердің жаңалығы