Қазақстанға келіп бизнес ашам деген қандастарға ерекше мүмкіндік беріледі – министр

26 Қыркүйек 2022, 17:20
1003
Бөлісу:
Қазақстанға келіп бизнес ашам деген қандастарға ерекше мүмкіндік беріледі – министр

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова  этникалық қазақтарға берілетін жеңілдетілген виза туралы түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақ картасы - шетелдегі қандастардың тарихи отанымен байланысын нығайту үшін беріледі.

Қандастарымыз жөнінде еш мәселе жоқ. Олардың келуі бүгінгі таңда қолданыстағы заңда толық қамтылған. Сонымен бірге, шетте жүрген, өз бизнесі бар, бірақ елмен тарихи байланыста болғысы келетін этникалық қазақтар да бар. Сондықтанда Қазақ картасы деген әлемдік тәжірибеде бар карталардың бірін қолданбақшымыз. Ондағы негізгі мәселе– егер шетелдегі этникалық қазақ сол елде тұра берем, бірақ еліме келіп, бизнес ашып, өз елімнің дамуына үлес қосам десе, олардың келіп-кетуіне толық мүмкіндік беріледі және жеңілдетілген визалар беріледі, 10 жылға дейін уақытша тұру мүмкіндігін алады, - деді Тамара Дүйсенова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Өзгелердің жаңалығы