Қазақстанға интернетті жаппай өшіру қаупі төніп тұрған жоқ – министрлік

9 Наурыз 2022, 12:01
1390
Бөлісу:
Қазақстанға интернетті жаппай өшіру қаупі төніп тұрған жоқ – министрлік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Ресей жаһандық желіден ажыратылған жағдайда «Қазақстандағы интернетке қатысты мәселелер туындауы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді.

Біріншіден, бұл - қауесеттер. Екіншіден, Қазақстанның Ресей арқылы ғана емес, сонымен қатар әртүрлі тораптары бар. Қазақстанға интернеттің толықтай өшіру қаупі төніп тұрған жоқ, бұл туралы уайымдаудың қажеті жоқ, - деп айтты вице-министр Мәжілісте.

Мәжілісте журналистер вице-министрден елдегі байланыстың нашарлауы мүмкін бе деп сұрады.

Менің ойымша, олай болмайды. Өйткені Қытаймен байланысымыз бізге, мысалы, Еуропадан алатын трафикті алуға мүмкіндік береді. Біз барлық тәуекелдерді қарастырдық және бүгінгі күні Қазақстан үшін интернетке қатысты күрделі проблемалар болмайтынын түсіндік, - деп жауап берді Асхат Оразбек.

Өзгелердің жаңалығы