Қазақстанға Дүниежүзілік банкпен келісімді ратификациялау не үшін қажет болды?

Қазақстан Дүниежүзілік банктің ережелері мен саясатын қолданады.

 ©BAQ.KZ коллажы Бүгiн 2026, 12:04
Бүгiн 2026, 12:04
107
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Бүгін Мәжіліс Қазақстанның тұрақты дамуы мен өсуіне жәрдемдесуге бағытталған ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Халықаралық қайта құру және даму банкімен, Халықаралық қаржы корпорациясымен және Көпжақты инвестициялар кепілдігі агенттігімен әріптестік туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы заңды қабылдады. Бұл заң не үшін қажет? Мәжіліс отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Бұрын нақты жобалар бойынша Үкімет пен Дүниежүзілік банк арасындағы жекелеген халықаралық шарттар ғана ратификацияланатын еді. Бұл ретте негіздемелік келісімдер ратификациялауға жатпайды. Өйткені жобаларды іске асыру кезінде ұлттық заңнаманы ғана қолдандық. Осыған байланысты неліктен қазір осы келісімді ратификациялау қажеттілігі туындады?, — деп сұрады Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза Серік Жұманғариннен.

Ол «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік қарыздар туралы барлық шарт шынында да ратификациялауға жататынын айтты. Алайда енді Қазақстан Дүниежүзілік банктің ережелері мен саясатын қолданатынын жеткізді.

Біріншіден, бұл бүкіл процестердің тиімділігін көтеруге бағытталған. Екіншіден, мемлекеттік кепілдіктерді мемлекеттік емес ұйымдарға беруді мақсат етіп отырмыз. Ол осы келісім ішінде бар. Ол мемлекеттік қаржыны сақтауға, басқа салаларға жұмсауға мүмкіндік береді. Үшіншіден, мемлекеттік қарыздың одан ары ұлғаюына жол бермейді, — деді Жұманғарин.

 

Наверх