Қазақстандықтарға Отбасының цифрлық картасынан қандай хабарлама келеді?

29 Маусым 2023, 13:08
854
Бөлісу:
Қазақстандықтарға Отбасының цифрлық картасынан қандай хабарлама келеді?
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде 1 шілдеден бастап күшіне енетін ҚР Әлеуметтік кодексінде көзделген жәрдемақылар мен төлемдерді тағайындаудың жаңа тәсілі айтылды.

Бірінші новелла – бұл мемлекеттік органдардың барлық қолданыстағы ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылатын Отбасының цифрлық картасы. Оны енгізудің басты мақсаты - қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Сондықтан Кодексте біз ОЦК-ны әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіледік, - деді ол.

Сарбасов ОЦК арқылы адамдарға хабарламалар жіберілетінін де айтты.

ОЦК SMS-хабарламалар жіберу арқылы қазақстандықтарды мемлекеттік қолдаудың қандай түрін алуға құқылы екендігі туралы хабардар ететін электрондық жаршы құралы қызметін атқарады. Жәрдемақылар мен төлемдер ақпараттық жүйеде бар деректер негізінде проактивті форматта тағайындалатын болады. Қолданыстағы қағаз құжаттар уақыт өте келе алынып тасталады, - деді ол.

Сарбасов сөз басында Әлеуметтік кодексті әзірлеу кезінде халықаралық тәжірибе мұқият зерделеніп, ЕуроОдақтың Әлеуметтік кодексі басшылыққа алынғанын және де еліміздің өз ерекшеліктері жан-жақты ескерілгенін атап өтті. Кодекс 5 бөлімнен, 22 тараудан және 267 баптан тұрады.

Өзгелердің жаңалығы