Қазақстандықтардың жартысынан астамы пандемия кезінде ем алуда қиындықтарға тап болды

12 Шілде 2022, 17:29
1647
Бөлісу:
Қазақстандықтардың жартысынан астамы пандемия кезінде ем алуда қиындықтарға тап болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордада өткен денсаулық сақтау саласындағы еуропалық зерттеуді таныстыру барысында ТМД елдері бойынша STADA компаниясының директоры Арминас Мацевичус мәлімдеді. 

Айтуынша, ел тұрғындарының 58%-ы коронавирус пандемиясы кезінде ем алуда қиындықтарға тап болған. 

Соңғы екі жыл ішінде әлемнің барлық елдерінің денсаулық сақтау жүйелері үлкен жүктемемен бетпе-бет келді. Қазақстандық респонденттердің 58%-ы және сұралған еуропалықтардың 57%-ы пандемия уақытында емделуде қиындықтарға ұшырағаны таңқаларлық жайт емес. Қазақстандықтардың 30%-ы дәрігерге дер кезінде жазыла алмаған. Сауалнамаға қатысқандардың 28%-ы жеткізудегі кідірістерге байланысты дәріханадан қажетті дәрі-дәрмекті таба алмаған, - деп атап өтті Арминас Мацевичус. 

Сондай-ақ ол бұл көрсеткіш еуропалықтар арасында 10%-ды құрағанын алға тартты. 

Қазақстан тұрғындарының 12%-ы және Еуропа тұрғындарының 22%-ы ауруды жұқтырып алудан қорқып, дәрігерге баруды кейінге қалдырды немесе тоқтатты. Сонымен ұатар ел тұрғындарының тағы 16%-ы қаржылық қиындықтарға байланысты дәрі-дәрмек сатып ала алмады, ал мұндай жайт сауалнамасы қатысушы еуропалықтар арасында 6%-ды құрады, - деді компания басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы