Қазақстандықтардың өмірі бізге қымбат – Өскенбаев

8 Желтоқсан 2022, 13:51
790
Бөлісу:
Қазақстандықтардың өмірі бізге қымбат – Өскенбаев

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Ел аузына қақпақ бола алмаймыз. Халық арасында «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы ең ірі салық төлеуші болғандықтан оларға қарсы қандай да бір шаралар қабылданбайды» деген әңгіме бар. Сіз қалай ойлайсыз?» деп сұрады журналист министрден. 

Ведомство басшысының айтуынша, бұл шындыққа жанаспайды.  

Бұл – өтірік әңгіме. Кім қандай салық төлесін, төлемесін, қазақстандықтардың өмірі бізге қымбат. Олардың өмірі ешқандай ақшаға сатылмайды әрі оны ешқандай байлық және салықпен есептемейміз. («Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қатысты – ред.) өте қатал шешімдер қабылданады, - деді Қайырбек Өскенбаев Сенаттың кулуарында тілшілерге берген сұхбатында. 

Еске сала кетейік, бүгін министр «Арселор Миттал» компаниясында апаттың жиілеп кетуіне байланысты компанияның әрі қарай жұмыс істеу, істемеуі туралы мәселе қарастырылып жатқандығы туралы айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы