«Арселор Миттал» компаниясы жабылуы мүмкін

8 Желтоқсан 2022, 12:14
5060
Бөлісу:
«Арселор Миттал» компаниясы жабылуы мүмкін

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ведомство басшысы бүгін таңертең  «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық өндірісінде орын алған адам өліміне әкелген апатқа байланысты пікір білдірді. 

Иманды болсын! Шынында да «Арселор Миттал Теміртау»-дың жұмысы қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырып отыр. Қаза болған жұмысшының жақындарына ғана емес, бүкіл қазақстардықтарға ауыр. Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет бір емес, бірнеше комиссия құрған. Онда  әр министрліктен 70-тен аса маман жұмыс істеп жатыр, - деп атап өтті министр Сенаттың кулуарында.

Сонымен қатар ол оның қорытындысы жақында жарияланады деп отыр.

Оның қорытындысын жақында жарияланады. «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының басшыларына қатал шешімдер қабылданайын деп жатыр. Негізі бұл компания Қазақстанда жұмыс істей ме, істемей ме, осындай да сұрақ қойылды, - деді Қайырбек Өскенбаев. 

Еске сала кетейік, бүгін таңда «АрселорМиттал Теміртауда» тағы да апат болып, 1 адам көз жұмды.

Өзгелердің жаңалығы