Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы өсті

9 Қазан 2023, 10:29
623
Бөлісу:
Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы өсті
Фото: BAQ.KZ - архив

Мәжілісте денсаулық тақырыбына арналған Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қазақстандықтардың өмір сүру жасы ұзарғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр атап өткендей, жалпы ішкі өнімнің жалпы көлеміндегі денсаулық сақтау саласына арналған шығыстардың үлесі 2019 жылғы 2,8%-дан 2022 жылы 3,7%-ға дейін өсті. Мемлекет басшысы бұл үлесті 2027 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің 5%-ға дейін ұлғайту мақсатын қойды.

Денсаулық сақтауға жұмсалатын жалпы шығыстар кезінде жалпы ішкі өнімнің 5%-ы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінде жалпы өмір сүру ұзақтығы 70 жас, бұл 70-ші жылдары. Жалпы ішкі өнімнің 10% кезінде жалпы өмір сүру ұзақтығы 2019 жылы – 80 жас болды, - деді ведомство басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, денсаулық сақтау саласына шығысты ұлғайту және медициналық көмектің сапасы, қолжетімділігі, жалпы өмір сүру ұзақтығы арасында тікелей байланыс бар.

Былтыр Қазақстанда денсаулық сақтау саласына жұмсалған шығыс жалпы ішкі өнімнің 3,7% болған кезде, жалпы өмір сүру ұзақтығы 74 жас болды. Қазір халықтың медициналық қызметтерге ақы төлеуге арналған қалта шығысының үлесі 2018 жылғы 34%-дан 2022 жылы 31%-ға дейін қысқарды. 2019 жылдан бастап жүйе жұмыс істеген уақыт ішінде қазақстандықтардың орташа өмір жасы өсті, жалпы өлім 6,1%-ға төмендеді. Нәресте мен ана өлімі, қатерлі аурулардан болатын өлім айтарлықтай төмендеді, - деп айтты Ажар Ғиният Мәжілісте.

Алайда пандемия салдарынан өлім-жітім көрсеткіштер күрт төмендеді. Оған қарамастан 2022 жылдың қорытындысы бойынша медициналық-демографиялық көрсеткіштер пандемия кезеңіне дейінгі нәтижелерден асып түсті.

Өзгелердің жаңалығы