Қазақстандықтардың мобильді аударымдары 2023 жылдан бастап тексеріле бастайды

21 Желтоқсан 2022, 18:26
1119
Бөлісу:
Қазақстандықтардың мобильді аударымдары 2023 жылдан бастап тексеріле бастайды

2023 жылдан бастап Қазақстан Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың мобильді аударымдарын тексере бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандықтардың мобильді аударымдары 2023 жылдан бастап тексеріле бастайды.

Белгілі бір критерий бар – бұл айына 100 немесе одан да көп аударым, бұл жағдай үш ай қатарынан қайталанса, бұл мәліметтер бізге келе бастайды, - деді МКК төрағасы Данияр Жаналинов.

Оның айтуынша, бірінші кезең 2023 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайларына қатысты басталады.

Екінші кезеңде, 2024 жылы квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері қосылады. 

Үшінші  кезең 2025 жылы  жеке кәсіпкерлер бойынша деректер берілетін болады, ал соңғы кезең 2026 жылы аяқталады, ол кезде тексерулер Қазақстанның барлық азаматтары бойынша жүзеге асырылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы