Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтардан Ресейге құрлық арқылы кіру кезінде коронавирусқа тест талап етілмейді.
Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл туралы Ресей Федерациясының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 30.03.2022 жылғы №10 қаулысында айтылған. Құжатқа сәйкес, 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап Ресейге құрлықтағы өткізу пункттері арқылы келетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің (оның ішінде Қазақстан) азаматтары коронавирусқа тест тапсырмайды және тиісті сауалнаманы толтырмайды.
Оқи отырыңыз: