Қазақстандықтар VIP нөмірлерге 6 млрд теңге жұмсаған

10 Ақпан 2022, 22:50
2602
Бөлісу:
Қазақстандықтар VIP нөмірлерге 6 млрд теңге жұмсаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар VIP нөмірлерге 6 миллиард теңге жұмсап, 2021 жылы 20 мыңнан астам қазақстандық әдемі нөмірлерге ие болған, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.

Өткен жылы қазақстандықтар жалпы сомасы 5,8 млрд теңгеге жоғары сұранысқа ие немесе VIP деп аталатын нөмірлерді сатып алған. Автокөлік иелері 2020 жылмен салыстырғанда әдемі нөмірлерді көбірек рәсімдей бастаған, ол кезде 3,9 млрд теңгеге 12 616 нөмір алынған болатын, – делінген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

2021 жылы VIP нөмірлерге ең көп қаражатты алматылықтар жұмсаған: 2,2 млрд теңге сомасына 6882 нөмір. Екінші орында Шымкент автокөлік иелері – 818 млн теңге сомасына 3190 нөмір, ал үштіктің соңында Нұр-Сұлтан – 667 млн теңгеге 2231 нөмір.

VIP нөмірлерге Солтүстік Қазақстан облысында сұраныс аз. Өткен жылы онда 45 млн теңгеге барлығы 169 ерекше нөмір тізбегі сатып алынған.

Сандар мен әріптердің комбинациясына байланысты VIP-нөмірлердің бағасы 174 591 теңгеден басталады, ең қымбаты 872 955 теңге тұрады, – делінген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарламасында.

Мемлекеттік корпорация өкілі нөмір иесі ерекше нөмірлер тізбегін үшінші тарапқа сыйлай да, сата да алмайтынын айтты.

Егер көлік сатылса, нөмір иесі оны жаңа көлік сатып алғанға дейін мамандандырылған ХҚО-да 6 ай сақтай алады, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы