Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстандықтар Ұлттық кітапхананы онлайн түрде жиі пайдалана бастады

30 Шілде 2025, 17:21
942
Бөлісу:
 - архив/ Артём Чурсинов
Фото: - архив/ Артём Чурсинов

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстандық Ұлттық электронды кітапханасы Kazneb.kz платформасының даму қарқыны жаңа деңгейге көтерілді. Осылайша, Ұлттық электронды кітапхананы пайдаланушылар саны 44% артты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Яғни контент қаралымының саны 4 076 629-ға жетіп, 30% өссе, пайдаланушы 379 312, қашықтықтан 746 056 пайдаланушы кіріп, 44% артты. Сондай-ақ авторлардың рұқсатымен құжаттарды жүктеу саны 1 миллион 600 мыңнан асты.

Жыл басынан бері электронды база 2 758 құжатпен толығып, былтыр осы кезеңмен салыстырғанда 6% көбейді. Бүгінге дейін 114 842 бет сканерленіп, 362 049 бет редакцияланды, - деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана қорында 81 357 құжат сақталған, 64 тілдегі құжаттармен еркін танысу мүмкіндігі бар.

ҚазҰЭК – қазақстандық мазмұндағы кең көлемді ақпараттар ұсына алатын тұңғыш мемлекеттік кітапханалық портал.

Министрлік мәлім еткендей, кез келген пайдаланушы интернет желісі арқылы Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана порталына тіркелусіз, еркін, авторизациясыз толық мәтінді құжаттармен таныса алады. ҚазҰЭК әлемнің 110 елінен пайдаланушылардың сенім артып, тұрақты қолданатын порталына айналып келеді. Негізгі елдер қатарында Қазақстан, Ресей, Германия, АҚШ, Өзбекстан, Нидерланды, Франция, Түркия, Қытай, Ұлыбритания және т.б. бар.

Портал көзі нашар көретін жандар үшін де қолжетімді.

Өзгелердің жаңалығы