Қазақстандықтар саусақ ізін тапсыруға міндеттелді

27 Қыркүйек 2023, 01:35
855
Бөлісу:
Қазақстандықтар саусақ ізін тапсыруға міндеттелді
Фото: baq.kz

Жаңа жылдан бастап қазақстандықтар саусақ ізін тапсыруға міндеттеледі. ІІМ ақпаратына сай, 2024 жылдың бірінші қаңтарынан бастап жеке куәлік, төлқұжат, шетелдіктерге ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамдарға куәлік беру кезінде саусақ іздері де алынбақ, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ал одан бас тартқан жағдайда азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жауапты ведомство бұл әрекеттің мақсаты – адамның мүддесін қорғау, оның заңды құқығын, денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету деп сендірді.

Дактикоскопиялық тіркеуге 16 жасқа дейінгі барлық Қазақстан азаматы және Қазақстан аумағында тұратын шетел азаматтары алынады. Ал 12 жастан 16 жасқа дейінгі балалар ерікті түрде өтеді, – деді ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің аға инспекторы Нұржан Жаңабаев.

Өзгелердің жаңалығы