Қазақстандықтар қалаған зейнетақысын жоспарлай алады

17 Қаңтар 2024, 16:56
1257
Бөлісу:
Қазақстандықтар қалаған зейнетақысын жоспарлай алады
Фото: BAQ.KZ -архив

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының дербес жоспарын іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"БЖЗҚ" АҚ салымшыға көмек ретінде болашақ зейнетақыны жоспарлаудың жаңа құралы ­­- зейнетақы жинақтарының дербес жоспарын іске қосты.

Зейнетақы жинақтарының ағымдағы мөлшеріне және болашақ жарналарға сүйене отырып, зейнетақы төлемдерінің мөлшері мен кестесін есептеуге болатын айырмашылығы, пайдаланушыға төмендегілерді өз бетінше іске асыруға мүмкіндік береді.

Дербес жоспар не береді:

- зейнетақы жинағының ағымдағы мөлшерін ескере отырып, зейнетақы төлемдерінің өзіңіз қалаған сомасын негізге ала отырып, жарналардың талап етілетін мөлшерін есептеу;

- жинақтаудың дербес жоспарының орындалуына мониторинг жүргізу (автоматтандырылған дербес хабарламалар жүйесі арқылы).

Болашақ жиынтық зейнетақыны бағалау есебінде зейнетақының мынадай компоненттері бар:

1. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен зейнетақы (базалық зейнетақы және ортақ (еңбек) зейнетақысы).

2. БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы:

- Қызметкерлердің табыстарынан БЖЗҚ-ға төленетін 10% міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);

- Жұмыс берушінің БЖЗҚ-ға зиянды еңбек жағдайларында еңбек ететін қызметкерлердің пайдасына аударатын 5% міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ).

3. Қызметкер де, оның жұмыс берушісі де аудара алатын ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы.

Болашақ зейнетақыны жоспарлау қызметі БЖЗҚ сайтындағы Жеке кабинетте қолжетімді. Оған кірген кезде пайдаланушы осы қызметті пайдалану мүмкіндігі туралы біржолғы хабарлама алады.

Салымшы өзінің зейнетақы жоспарының орындалу үрдісін бақылай алады. Нақтырақ атасақ, МЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ түсімдерін, сондай-ақ, жоспарды іске асыру үшін уақытылы шаралар қабылдау үшін айлар мен жылдар бойынша пайыздық және ақшалай мәндегі жоспардың орындалу мәртебесін қадағалай алады. Мысалы, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының жетіспейтін сомасын толықтыру, - делінген қордың хабарламасында.

Қажет болса, салымшы кез келген уақытта дербес жоспарының кіріс өлшемдерін өзгерте алады. Мысалы, зейнетақының өзі қалаған мөлшерін басқаша көрсетіп, жаңа жоспарын құра алады.

Өзгелердің жаңалығы