Оманмен тікелей әуе қатынасы қалпына келтірілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биылғы жылдың 18 маусымынан бастап "Salam Air" Оман әуе компаниясы "Алматы – Маскат" бағыты бойынша әуе қатынасын қалпына келтіруді жоспарлап отыр.
Рейстер сыйымдылығы 180-230 орындық "Эйрбас-А320/А321" үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рет (сейсенбі және жұма күндері) орындалады.
Әуе қатынасын қалпына келтіру екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.