Новосібір іргесінде алқапқа шұғыл қонған ұшақтың жолаушыларына өтемақы төленді, деп хабарлайды BAQ.KZ «Коммерсантъ» Telegram арнасына сілтеме жасап.
Басылым нақтылағандай, өтемақының жалпы сомасы 15,8 миллион рубль (23 қарашадағы жағдай бойынша бұл шамамен 82 миллион теңге).
158 адам әрқайсысы 100 мың рубльден (шамамен 519 мың теңге) ақша алды, - делінген БАҚ-та.
Анықталғандай, тағы бірнеше адам мұндай мүмкіндікті біле тұра, әлі төлемге өтініш бермеген.
Естеріңізге сала кетейік, 12 қыркүйекте Сочи-Омбы бағытында ұшқан «Орал әуе жолдары» компаниясының А-320 ұшағы шұғыл түрде Новосібір облысындағы егістікке қонған еді. Бортта 161 жолаушы болған, оның ішінде 21 бала, апатты қону салдарынан олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Ұшақ бортында қазақстандықтар да болған.