Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады?

7 Сәуір 2022, 11:45
3654
Бөлісу:
Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар 2022 жылдың мамырын 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күнін атап өтеді. 

1 мамыр жексенбіге келгендіктен, тағы бір демалыс күні ретінде 2 мамыр қосылады. 

Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр сенбіге келеді, сондықтан тағы бір демалыс күні 10 мамырға ауысады. 

Ал қазақстандықтар 9 мамыр – Жеңіс күнінде бірден төрт күн, яғни 7-10 мамыр аралығында демалады. 

Осылайша, демалыс күндерінің жалпы саны мамырда бес күндік жұмыс аптасы үшін 12 күн, алты күндік жұмыс аптасы үшін сегіз күн болады.

Өзгелердің жаңалығы