Қазақстандықтар коммуналдық қызметтердің тарифтеріне мораторий жариялағанынан қанша үнемдейді

10 Ақпан 2022, 17:45
1318
Бөлісу:
Қазақстандықтар коммуналдық қызметтердің тарифтеріне мораторий жариялағанынан қанша үнемдейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коммуналдық қызметтерге тарифтерді көтеруге мораторий қолданысы кезеңінде халық 3 млрд теңгеден астам қаражатты үнемдейді

Белгілі болғандай Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті халық үшін реттелетін коммуналдық қызметтерге (сумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және газбен жабдықтау) тарифтерді көтеруге мораторий енгізді.

ТМРК халық үшін тарифтерді 2021 жылғы желтоқсан айының деңгейінде 180 күн мерзімге ұстап тұру бойынша тиісті жұмыс жүргізді.

Осылайша, 103 монополист субъектілерінің тарифтері 2021 жылғы желтоқсан айының деңгейіне түзетілді.

Қабылданған шаралар мораторий қолданылған кезеңде экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл халықтың табысына оң әсер етеді, шамамен 3,2 млрд теңге, оның ішінде  мынадай салалар бойынша үнемдейді:

         - жылумен жабдықтау-1 442 млн теңге;

         - электрмен жабдықтау-839,7 млн теңге;

         - сумен жабдықтау-367,6 млн теңге;

         - су бұру-224,6 млн теңге;

         - газбен жабдықтау-318,7 млн теңге.

Өзгелердің жаңалығы