Қазақстандықтар енді аты-жөнінен бұрын ЖСН алады

24 Қаңтар 2024, 11:13
430
Бөлісу:
Қазақстандықтар енді аты-жөнінен бұрын ЖСН алады
Фото: BAQ.KZ - архив

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Екатерина Смышляева айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады.

Жаңа туылған баланың жеке деректерін жоғалту қаупін болдырмау үшін бала туғаннан кейін бірден, алғашқы 20 минут ішінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) беру ұсынылады. Осылайша алаяқтық және адам ұрлау сияқты заңсыз әрекеттердің қаупін азайту көзделіп отыр, - деп айтты Смышляева Мәжілісте.

Бұған дейін депутат заң жобасының негізгі нормаларын айтып берген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы