Қазақстандықтар брокерлік шоттарды көбірек аша бастады

4 Наурыз 2022, 19:25
1593
Бөлісу:
Қазақстандықтар брокерлік шоттарды көбірек аша бастады

Алматы, BAQ.KZ. Ақпан айында Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркелген қосалқы шоттардың саны 293 мыңнан асты. Бұл қаңтар айындағы көрсеткіштен 30,8%-ға көп. Бұл туралы Бағалы қағаздардың орталық депазитария мекемесінің баспасөз қызметі хабарлады.

Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, 2021 жылдың екінші жартыжылдығында қосалқы шоттардың саны небәрі 18,9%-ға өскен. Қосалқы шоттардың көп бөлігі жеке тұлғалардың атына ашылған, олардың саны бірінші ақпаннан бастап 69 мыңға артты. 

Қосалқы шоттар санының өсуінде клиенттік базаны ұлғайту бойынша жекелеген брокерлердің белсенді жұмысы басты рөл атқарды.

Бөлшек клиенттердің базасын арттыру үшін брокерлер цифрландыру құралдарын белсенді пайдаланады. Бұл құралдар клиенттерге биометриялық деректер бойынша қашықтықтан сәйкестендіру жүргізуге және оларға басқа ұйымдардың дерекқорларымен бірігудің арқасында жеке шоттарды онлайн ашуға мүмкіндік береді, – деп түсіндіреді Орталық депозитарийдің Басқарма төрағасы Адиль Мухамеджанов.  

Жас инвесторлар қатары артып келеді

Қазақстандық бөлшек инвестордың қатары жылдам жасаруда. Соңғы айда 18-24 жас аралығындағы жеке тұлғалар – брокерлік шот иелерінің саны екі есе артып, бұл көрсеткіш 50 мың адамнан асты. Ақпан айында жас инвесторлардың үлесі 17,8% - ды құрады, бұл қаңтардағы көрсеткіштен 6,5%-ға артық. Кәмелетке толмаған азаматтардың атына ашылған брокерлік шоттар да бар, дегенмен олардың үлесі әлі де 0,1-ден аспайды. 

Қазіргі кезде қазақстандық бағалы қағаздар нарығы әлдеқайда қолжетімді және заманауи технологиялармен қарыштап түрлендірілуде, мұндай әдіс нарыққа жас буынды көптеп тартады. Диджитализация процестері брокерлік шот ашу рәсімін айтарлықтай жеңілдетті. Жастардың инвестицияларға деген қызығушылығында мобильді қосымша арқылы қашықтықтан сауда жасау мүмкіндігі де маңызды рөл атқарды, – деп атап өтті Әділ Мұхамеджанов. 

Бірақ аға буынға жататын бөлшек инвесторлардың саны, керісінше, азаяды. 55 жастан асқан инвесторлардың үлесі қаңтардағы 21,2%-дан ақпан айында 17,5%-ға дейін қысқарды. Абсолютті көрсеткіштерде шамалы өсім байқалады – мысалы, қосымша 3 785 адам. Бөлшек инвесторлардың ең көп үлесін бұрынғысынша 35–54 жастағы (35,8 %), одан кейін 25–34 жастағы (28,8%) топ құрайды.

Аймақ пен жынысы бойынша 

Брокерлік шот иелерінің арасында әйелдердің үлесі де өсті. Бүгінде ол 42%-ды құрайды. Небәрі бір айдың ішінде қор нарығында әйел-инвесторлар саны 1,4 есе өсті. Бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстанда да әйелдер инвестициялау процестеріне белсенді түрде тартыла бастады.

Өңірлік бөлініске келетін болсақ, жеке тұлғалардың қосалқы шоттарының ең көп саны республикалық маңызы бар үш қаланың екеуіне – Алматы (22,9 %) және Нұр-Сұлтан (9,2%) қалаларына тиесілі. Екінші орынды астанамен бірге Түркістан облысы 9,2%-бен бөліседі. Үшінші орынды Қарағанды облысы (7,2 %) алады. Бұл ретте Түркістан облысының көрсеткіші қаңтармен салыстырғанда, екі есе өсті.

Өсудің артуы Жамбыл (5,7 %) және Қызылорда (4,2 %) облыстарында да байқалады. Ақпан айында олардың көрсеткіштері қаңтар айымен салыстырғанда, 3,3 есе өсті. Қазақстанның солтүстік өңірі, атап айтқанда Қостанай (2,8%), Ақмола (2,2 %) және Солтүстік Қазақстан (1,4 %) облыстарының тұрғындары брокерлік шоттарды бәрінен де аз ашады.
 

Өзгелердің жаңалығы