Қазақстандықтар арасында әлеуметтанушылар мектебіне қатысу байқауы басталды

11 Қараша 2022, 18:00
800
Бөлісу:
Қазақстандықтар арасында әлеуметтанушылар мектебіне қатысу байқауы басталды

Қазақстанда «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорына қарасты Kazakhstan Sociology Lab әлеуметтанушылар мектебіне қатысу байқауы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Жоба базалық әлеуметтану білімі бар мамандарды ғана емес, сонымен қатар деректерді жинау мен талдаудың заманауи цифрлық технологияларымен жұмыс істеу дағдылары бар кең бейінді мамандарды даярлауға бағытталған.

11 қарашада Астанада «Жас әлеуметтанушыларды дамыту және ілгерілету» дөңгелек үстел аясында мектеп ашылғаны туралы жарияланды. Іс-шараны биыл 20 жылдығын атап өтетін Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығының Жас әлеуметтанушылар форумы ұйымдастырды. Дөңгелек үстел жұмысына қазақстандық жоғары оқу орындарының әлеуметтану кафедрасының студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ еліміздің жетекші ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері қатысты.

Kazakhstan Sociology Lab - әлеуметтанушы, талдаушы, зерттеуші, білім беру, экономика, әлеуметтік ғылымдар саласындағы сарапшы мансабын құруға арналған көшбасшылық бағдарлама. Мектеп түлектері сараптамалық-талдау және зерттеу орталықтарында жұмыс істей алады, өз жобаларын жасайды, оларға өзгерістер енгізеді, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешуді ұсынады.

Біз мектеп түлектерінің заманауи талаптарға сай келетін құзыреттер жиынтығына ие болғанын және шетелдік әріптестеріне бәсекеге қабілетті болғанын қалаймыз. Балалар заманауи цифрлық платформаларда әлеуметтанулық тұжырымдамаларды, деректерді модельдеу және талдау әдістерін қолдануды үйренеді, бұл оларға инновациялық жобалар мен шешімдерді әзірлеуге және іске асыруға мүмкіндік береді. Ең алдымен, біз академияның жобаларында data-driven-тәсілді іске асыруға тырысамыз, сондықтан мұндай мамандарға қажеттілік бар екенін білеміз, – деп атап өтті Асланбек Әмірин.

Әзірленген бағдарлама тұтас курс, онда тек қазақстандық оқытушылар ғана емес, сонымен қатар шетелдік сарапшылар да дәріс оқиды.

Әлеуметтанушылар мектебіне қатысуға жоғары оқу орындарының студенттері мен әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы мамандар шақырылады (әлеуметтану, әлеуметтік жұмыс, саясаттану, мәдениеттану, философия және т.б. салаларда). Тиісті білім құпталады, бірақ эмпирикалық зерттеулер жүргізу дағдылары расталған қатысушыларға басымдық беріледі.

Қатысуға өтінім беру мерзімі 2022 жылғы 11 қарашадан 1 желтоқсанға дейін. 

Мектеп туралы толық ақпаратты Елбасы Академиясының сайтынан,  сондай-ақ Академияның әлеуметтік парақшаларынан: Instagram – elbasy_academy, Facebook – Елбасы Академиясы, TikTok – elbasy_academy алуға болады. Оқудың басталуы 2023 жылдың қаңтарына жоспарланған және ол шоғырланған ворк-шоп пен онлайн оқыту форматында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы