Қазақстандықтар ақпанда 197 млрд теңгеге доллар айырбастаған

30 Наурыз 2022, 01:35
1359
Бөлісу:
Қазақстандықтар ақпанда 197 млрд теңгеге доллар айырбастаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпан айында қазақстандықтар 197 миллиард теңгеге доллар айырбастаған. Бұл өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 70 процентке артық.

Ұлттық банктің мәліметінше, ақпанда валюта айырбастау орындары 75 млрд теңгеге рубль, 19,1 млрд теңгеге еуро сатқан. Ал қытай валютасы юань сатып алуға ел азаматтары 51 млн теңге жұмсаған.

Алматы сатылған американдық валюта көлемі бойынша бірінші орында тұр. Өткен айда мегаполисте 81 млрд теңгеге доллар сатып алынды. Бұл 2021 жылдың ақпанына қарағанда 99 процентке артық.

Еуро мен юань да осы Алматыда көптеп сатылған. Одан кейінгі орында Нұр-Сұлтан қаласы орналасты.

Өзгелердің жаңалығы