Қазақстандықтар 24,3 млрд теңге салық төлемеген

27 Маусым 2022, 18:31
1377
Бөлісу:
Қазақстандықтар 24,3 млрд теңге салық төлемеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалпы республика бойынша бүгінде жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша берешегі 919 мың салық төлеуші бойынша 24,3 млрд теңгені құрады, оның ішінде берешектің негізгі сомасы көлік құралдары салығына тиесілі – 22,8 млрд теңге. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Олардың ішінде көлік құралдары салығы бойынша салық міндеттемелерінен жалтарған автокөлік иелерінің ең көп саны келесі өңірлерде тіркелген:

​ Алматы қ. – 88 мың борышкер бойынша берешек 5,2 млрд теңгені құрайды;

Алматы облысы – 132 мың борышкер бойынша берешек 3,9 млрд теңгені құрайды;

Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында – тиісінше 2,6 млрд теңге және 1,9 млрд теңге берешегі бар 76 мың борышкерден.

2021 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2022 жылғы 1 сәуірде аяқталғанын еске саламыз.

2022 жылғы 17 мамырдан бастап салық сомасын уақтылы төлемеген тұлғаларға 1 АЕК-тен жоғары берешек сомалары бойынша жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрықтарын жолдау басталды.

Берешек төленбеген жағдайда салық бұйрығы табыс етілген күннен кейін 5 жұмыс күні өткен соң, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына мәжбүрлеп орындатуға жіберіледі. Өз кезегінде, жеке сот орындаушылары "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы " Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банк шоттары мен мүлкіне тыйым салу түрінде мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануға құқығы бар. 

 Егер қарыз 40 АЕК-тен асса, азаматқа елден шығуға тыйым салынуы мүмкін. ҚР шығуға тыйым салу туралы ақпаратты сілтеме арқылы білуге болады.

Жазғы каникул және демалыс маусымы кезінде жағымсыз салдарларды болдырмау үшін Комитет салық берешегі болған жағдайда уақытылы төлем жүргізуді ұсынады. Салық бойынша берешектің бар/жоқ екендігі туралы мәліметтерді e-Salyq Azamat мобильді қосымшасының қойындысы Электронды сервистер→Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы қызметі→ЖСН-ды енгізу арқылы тексеруге болады. 

Өзгелердің жаңалығы