Қазақстандықтар 20 млрд теңгеден астам салықты төлемеген

24 Тамыз 2022, 16:29
976
Бөлісу:
Қазақстандықтар 20 млрд теңгеден астам салықты төлемеген
Фото: BAQ.KZ

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Азамат Панбаев Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жалпы уақытында төленбеген салықтың сомасы – 325 млрд теңге. Оның ішінде республика бойынша жеке тұлғалардың мүлік қарызы – 20,5 млрд теңге. Егер нақты айтсақ, 717 мың адамның 20,5 млрд теңге қарызы бар. Оның 15,9 млрд теңге негізгі қарыздың сомасы болса, қалған 4,6 млрд теңге – өсімпұл, - деді ол. 

Ол атағандай, бүгінде Қазақстан бойынша берешек – 335 млрд теңге.

 Бұл тек жеке тұлғалардың емес, кәсіпорындардың, компаниялардың қарызын қамтиды. Бұл тек осы жылдығы ғана, оған дейін төленбеген жылдарды қамтиды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы