Перудің Лима қаласында жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандық Алина Чистякова жарыс қорытындысы бойынша алғашқы ондыққа енді.
Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, жерлесіміз жетісайыста бақ сынап, жалпы есебі 5 161 ұпай жинады. Осылайша, ол жарысты тоғызыншы орында аяқтады.
Ал бұл бәсекеде хорватиялық Яна Кощак жеңіске жетті. Оның еншісінде 5 807 ұпай бар. Екінші орын швейцариялық Люсия Акланға (5 755), үшінші орын чехиялық Адела Ткачоваға (5 601) бұйырды.
Тағы бір қазақстандық спортшы Ирина Конищева жарысты 12-орынмен аяқтады.