Қазақстандық жасөспірім аралас жекпе-жектен әлем чемпионы атанды

23 Тамыз 2022, 18:39
1234
Бөлісу:
Қазақстандық жасөспірім аралас жекпе-жектен әлем чемпионы атанды

 Тарихи жеңіс. Қазақстандық Шыңғыс Жүсіпов әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Аралас жекпе-жектен жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік дода Абу-Даби қаласында өтті. Оған бас-аяғы 20 елдің спортшылары жиналды. 

Шыңғыс чемпионат аясында 6 кездесу өткізіп, оның 5-еуін уақытынан бұрын аяқтады. Соңғы сында да ғана жекпе-жек соңына дейін созылып, нәтижесі төрешілер шешімімен анықталды.

 Айта кетейік, Шыңғыс Жүсіпов қазақстандық спортшылар арасынан алғаш боп ММА-ден жасөспірімдердің әлем чемпионатының жеңімпазы атанып отыр.

Өзгелердің жаңалығы