Қазақстандық жас спортшы Еуропа теннисі рейтінгінде көш бастады

16 Наурыз 2022, 15:35
1342
Бөлісу:
Қазақстандық жас спортшы Еуропа теннисі рейтінгінде көш бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Tennis Europe (TE) ұйымы алдағы күзде Монте-Карлода өтетін Junior Masters турнирінің жаңартылған рейтингін жария етті, деп хабарлады Olympic.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгілер арасында көшбасшылық жағдайын жақсарта түсті. Беделді Еуропа турнирлерінде сәтті өнер көрсетуінің нәтижесінде Заңғар ұпай санын 505-ке жеткізді. 

Осылайша Қазақстанның жас жұлдызы өзінен кейін келе жатқан Микаэл Аванесян (Армения), Иван Иванов (Болгария), Ленни Петиттен (Франция) қара үзіп кетті.

Өзгелердің жаңалығы