Қазақстандық жас шорттрекшілер әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

3 Желтоқсан 2023, 18:08
610
Бөлісу:
Қазақстандық жас шорттрекшілер әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Леуварден (Нидерланд) қаласында шорт-тректен өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде Қазақстан қыздар құрамасы қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткеніндей, 3 мың метрлік эстафетада бақ сынаған қазақстандық қыздар мәре сызығын үшінші болып қиды.

Аталмыш додада ел намысын Алина Әжіғалиева, Зейнеп Құмархан, Анастасия Астраханцева, Гүлдана Жалмұхан, Полина Омельчук қорғады.

Эстафеталық жарыста оңтүстіккореялықтар жеңімпаз атанса, Нидерланд құрамасы күміс жүлдеге ие болды.

Шорт-тректен БҚО құрамасының аға бапкері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Максим Лозовойдың айтуынша, батысқазақстандық Алина Әжіғалиева ересектер арасында да сынға түсіп келеді. Ол биыл Канаданың Лаваль қаласында шорт-тректен өткен төрт құрлық чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетіп, қола жүлдеге қол жеткізген еді.

Өзгелердің жаңалығы