Қазақстандық үш теннисші Майами турнирінің үшінші айналымына өтті

26 Наурыз 2022, 22:15
1514
Бөлісу:
Қазақстандық үш теннисші Майами турнирінің үшінші айналымына өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисшілер Miami Open турнирінде сәтті өнер көрсетуде, деп жазады Olympic.kz. 

Әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина екінші айналымда румыниялық Елена Габриэль Рузаны 6:4, 7:5 есебімен ұтты. 

Александр Бублик алғашқы кездесуде колумбиялық Даниэль Элахи Галанды жеңді. Келесі айналымда Бублик норвегиялық Каспер Руудпен өзара кім мықтыны анықтайды. 

Юлия Путинцева украиналық Леся Цуренконы 6:3, 4:6, 7:5 есебімен тізе бүктірді. Келесі матчта ол испаниялық Паула Бадоспен жолығады.

Өзгелердің жаңалығы