Қазақстандық терминалдан Сиань портына алғашқы контейнерлік пойыз жолға шықты

26 Наурыз 2024, 14:02
333
Бөлісу:
Қазақстандық терминалдан Сиань портына алғашқы контейнерлік пойыз жолға шықты
Фото: Көлік министрлігі

Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында еліміздің көлік министрі Марат Қарабаев контейнерлік пойыздарды жөнелту және өңдеу көлемі бойынша Қытайда бірінші орындағы Сиань қаласының халықаралық құрғақ портына барды,деп хабарлайды BAQ.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрғақ порт аумағында қуаттылығы жылына 66.5 мың ЖФЭ қазақстандық терминал іске қосылды.

Министр кәсіпорын ұжымымен кездесіп, Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша қазақстандық терминалдан алғашқы құрама пойыздың жөнелту рәсіміне қатысты.

Өзгелердің жаңалығы