Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирлердің жартылай финалына шықты

3 Маусым 2022, 11:17
1105
Бөлісу:
Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирлердің жартылай финалына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисшілер Жібек Құламбаева мен Александр Недовесов халықаралық турнирлердің жартылай финалына шықты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Ж. Құламбаева жұптық сында латвиялық Диана Марцинкевичпен бірге Италияның Брешия қаласында ITF W60 жарысында сәтті өнер көрсетті.

Жібек пен Диана ширек финалда осы турнирдің екінші ракеткалары, тайбэйлік Ю Чен Хсиех - швейцариялық Ксения Кнолмен күш сынасты. Қазақстандық-латвиялық жұп екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты бәсекеде 4:6. 7:6 (7:3), 10:3 есебімен жеңіске жетті.

Ж. Құламбаева мен Д. Марцинкевич жүлде қоры 60 мың АҚШ доллары болатын доданың финалына шығу үшін румыниялық Андрея Пришакариу – италиялық Камилла Розателломен таласады.

А. Недовесов пәкістандық Айсам Курешимен бірге Ұлыбританияда Сурбитон челленджер жарысының ширек финалында бір сағатқа созылған матчта америкалық Брендон Накасима – аустралиялық Алексей Попыриннен айласын асырды – 6:3, 6:4.

Турнирдің үшінші ракеткалары болып тіркелген А. Недовесов пен А. Куреши жартылай финалда үндістандық Дивиж Шаран – жаңазеландиялық Артем Ситакпен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Италиядағы турнирдің ширек финалына шығып, теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының әлемдік рейтингіде үздік ондыққа енді.

Өзгелердің жаңалығы