Қазақстандық теннисшілер АТР жарыстарының жартылай финалына шыға алмады

17 Ақпан 2023, 19:48
1186
Бөлісу:
Қазақстандық теннисшілер АТР жарыстарының жартылай финалына шыға алмады

Қазақстандық теннисшілер Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (АТР) жарыстарының жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Буэнос-Айрес (Аргентина) АТР 250 турнирінің ширек финалында Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында аргентиналық Максимо Гонсалес пен Андреас Мольтениге қарсы ойнады.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, тартысты өткен бәсекеде корт иелері 6:3, 6:7 (7:9), 10:8 есебімен басым түскен.

Өткен аптада Кордобада (Аргентина) өткен додада да Андрей мен Александр осы жұпқа есе жіберген еді.

 

Өзгелердің жаңалығы