Қазақстандық теннисші Римде негізгі турнирге жолдама алды

25 Сәуір 2022, 23:37
1005
Бөлісу:
Қазақстандық теннисші Римде негізгі турнирге жолдама алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Денис Евсеев Рим (Италия) челленджер турнирінің іріктеу сайысын сәтті өткізді. 

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, Д.Евсеев іріктеу сайыстарының финалында украиналық Владислав Орловпен кездесті. Қазақстандық теннисші бірінші партияда айқын басымдылық көрсетті – 6:2. 

Екінші сетте алғашқы үш геймді қарсыласына беріп қойғанымен, дер кезінде жинала білді – 6:4. Осылайша, қазақстандық спортшы негізгі турнирге жолдама алды. Д.Евсеев жүлде қоры 45 мың еуроға бағаланған жарыстың алғашқы айналымында италиялық Алессандро Джанессимен шеберлік байқасады. 

Тағы бір қазақстандық Тимофей Скатов Рим турнирінің бірінші айналымында осы доданың екінші ракеткасы, ұлыбританиялық Джек Дрейперге жол берді – 2:6, 1:6.

Өзгелердің жаңалығы